Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасына қатысуы керек болған 18 жастағы спортшы қаза тапты

Жарияланған күні:

Қайық
Қайық. Көрнекі фото: piqsels.com

Тонга Корольдігінде спортшы Джей Джей Райс суға сүңгігеннен кейін көз жұмды. Ол биыл Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуы керек болған, деп хабарлайды Matangi Tonga басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

18 жастағы спортшының әкесі Даррен Райс қайғылы оқиға болған күні ұлының фридайвингпен айналысқанын растады. Оның денесін басқа сүңгуірлер су түбінен тауып алған. Болжам бойынша, спортшы суға сүңгігеннен кейін есінен танып қалған.

Джексон Джеймс (Джей Джей) Райс Америка Құрама Штаттарында британдық отбасыда дүниеге келген. Бірақ Хаапайда (Тонга) өскен. Спортшы бірнеше жыл бойы халықаралық жарыстарда кайтсерфингтен Тонга Корольдігінің намысын қорғаған.

Жақында Джей-Джей Францияның оңтүстігіндегі Йере қаласында өткен кайтесерфингтен 2024 жылғы әлем чемпионатында бақ сынағаннан кейін Хаапайға оралған. Жас спортшы 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2118792-parizh-olimpiadasyna-qatysuy-tiis-bolgan-18-zhastagy-sportshy-qaza-tapty/