Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миы шайқалған": қазақстандық футболшы матч кезінде есінен танып қалды (видео)

Опубликовано:

"Жетісу" футбол клубының ойыншылары
"Жетісу" футбол клубының ойыншылары. Фото: fk-jetisu.kz

Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубының ойыншысы Антон Шрамченко матч кезінде жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан Премьер лигасының 11-туры аясында өткен матчта "Жетісу" командасының ойыншысы Антон Шрамченко мен "Жеңіс" ұжымының футболшысы Карл Йертстранд соқтығысып қалды.

"Жеңіс" футбол клубының бас директоры Айдын Қожахмет бұл оқиға жайлы Telegram желісіндегі арнасында жазды.

"Йерстранд өз аяғымен алаңнан шықты, ал Шрамченконы жедел-жәрдем алып кетті. Ол ес-түссіз жатты. Талдықорғандық команданың басшылығы маған Шрамченконың құлағы сынғанын айтты. "Жеңіс" футбол клубының атынан "Жетісу" футболшысының тез жазылып кетуін тілеймін", - деп жазды Айдын Қожахмет.

Сондай-ақ "Жетісу" футбол клубы Instagram желісіндегі парақшасында Антон Шрамченконың жағдайы туралы айтты.

"Қазіргі уақытта Антонның денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ойыншы дәрігерлердің бақылауында. Оған мидың шайқалуы деген диагноз қойылды", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер лигасының кестесінде "Жетісу" ұжымы 15 ұпаймен 7-орында тұрса, "Жеңіс" командасы 8 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2119275-miy-shaiqalgan-qazaqstandyq-futbolshy-match-kezinde-esinen-tanyp-qaldy-video/