Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джиу-джитсудан 8 рет әлем чемпионы атанған қазақ қызы мектепті "Алтын белгіге" бітірді

Жарияланған күні:

Жібек Құлымбетова
Жібек Құлымбетова. Фото: instagram.com/zhibek_bjj

Джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы, грэпплингтен әлем біріншілігінің жеңімпазы Жібек Құлымбетова мектепті "Алтын белгіге" тәмамдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жібек Құлымбетова Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Алтын белгі" табыстау рәсімінен видео жариялады.

"Білім жолында мені қолдаған ұстаздарыма, ата-анама және достарыма алғыс айтамын. Алда өмірдің жаңа кезеңі тұр. Мен жаңа жетістіктерге дайынмын!", - деп жазды спортшы.

Жібек 2023 жылы Астанада өткен Ju-Jitsu Youth World Championship жарысында топ жарып, алтын медаль иеленген еді. Осылайша джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы атанды.

Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Жібек 9 жастан бері спортпен кәсіби түрде айналысады. Ол – Қазақстанның спорт шебері, Б. Момышұлы атындағы "Намыс" төсбелгісі мен "Дара бала" медалінің иегері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2119308-dzhiu-dzhitsudan-8-ret-alem-chempiony-atangan-qazaq-qyzy-mektepti-altyn-belgige-bitirdi/