Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегор Криштиану Роналду арқылы пайда тапқысы келеді

Жарияланған күні:

Конор Макгрегор мен Криштиану Роналду
Конор Макгрегор мен Криштиану Роналду. Фото: Richard Pelham/Getty Images

UFC жұлдызы, ирландиялық файтер Конор Макгрегор Криштиану Роналду Еуро-2024 додасының үздік бомбардирі болады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері бәс тікті. Оның ойынша, Криштиану Роналду футболдан Еуро-2024 турнирінің нәтижесі бойынша "Алтын бутсы" иегері атанады.

"Криштиану Роналду Еурода "Алтын бутсыды" тағы бір мәрте алатынына 60 мың фунт. Siuuu!",- деді Конор Макгрегор.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионатының Чехияға қарсы бірінші матчында Криштиану Роналду негізгі құрамда шықты, бірақ бұл ойында нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсе алмады.

Сонымен қатар, Португалия құрамасының жұлдызы Еуро тарихындағы ең үздік бомбардир саналады. Ол бес Еуроға қатысып, 14 гол ұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120244-konor-makgregor-krishtianu-ronaldu-arqyly-paida-tapqysy-keledi/