Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита команда ауыстырады

Жарияланған күні:

Лео Игита
Лео Игита. Фото: instagram/afckairat

"Қайрат" футзал клубының қақпашысы, әрі капитаны Игита алматылық клубпен қоштасып, осы жазда басқа командаға ауысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, осы аптада Игитаның "Қайраттан" кетуіне арналған іс-шара өтті. Аты аңызға айналған қақпашы алматылық клубта көрсеткен 14 маусымнан кейін кетеді. "Қайрат" құрамында ол екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, сонымен қатар 5 рет әлемнің үздік қақпашысы атанды.

Ал Игита Қазақстанның жаңа чемпионы – "Семей" футзал клубына ауысады деп күтілуде, алайда тәжірибелі қақпашының мансабын қайда жалғастыратыны туралы түпкілікті шешімі әлі белгісіз. "Семей" биыл футзалдан Қазақстан чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының алдағы маусымында өнер көрсетеді. Міне осыған байланысты клуб өзінің құрамын жасақтауда. Сонымен қатар "Семей" футзал клубы әлемнің 3 дүркін үздік ойыншысы Ферраомен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Сол себепті Игита семейлік клубқа ауысуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Қайрат" құрамындағы қақпашылар тізімінде Игитадан бөлек бразилиялық Деннис пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Нарун Серіков бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120769-futzaldan-qazaqstan-quramasynyng-kapitany-igita-komanda-auystyrady/