АҚШ-та дүниеге келген аралас жекпе-жек шебері Джефф Монсон Мәскеуде ислам дінін қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новости Спорт басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы Құрбан айт мерекесіне орай Мәскеуде өткен салтанатты қабылдау кезінде Ислам дініне бет бұрған.
"Мен мұсылман дінін саналы түрде қабылдаймын. Көп ойланып барып шешім қабылдадым. Бірақ бұл менің шешуші қадамым. Бауырларыммен иық тірестіріп тұрғым келеді. Маған сөз бергенде, мен "шахаданы айтамын, мұсылман болғым келеді" дедім. Көп адам мұндайды күткен жоқ. Ал шақырылған қонақтардың арасында саясаткерлер, әртістер, әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдері бар. Көбі жылады", - деді Джефф Монсон.
2013 жылы Монсон Ресейге қоныс аударып, 5 жылдан кейін Ресей Федерациясының азаматтығын алған еді. Ол 2023 жылдан бері АҚШ азаматы емес.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120859-resei-azamattygyn-algan-amerikalyq-faiter-islam-dinin-qabyldady-video/