Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күн ғана дайындалдым": 32 тонналық ұшақты орнынан қозғаған ІІМ қызметкері бұл жетістікке қалай жеткенін айтты

Жарияланған күні:

Бауыржан Камалиев
Бауыржан Камалиев. Видеодан кадр: instagram.com/kamaliyev_official

Ауыр атлет Бауыржан Камалиев салмағы 32 тонналық ұшақты орнынан жылжытып, 5-ші рет әлемдік рекорд орнатты. ІІМ қызметкері және спорт шебері бұл салаға не үшін келгені, қалай жаттығатыны туралы Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына сұқбат берді.

Жақында ғана Бауыржан Камалиев 32 тонналық ұшақты орнынан жылжытып 5-ші рет әлемдік рекорд орнатты. Осылайша спортшы Қазақстан рекордтар кітабына енді. Cұқбатында рекордшы осыған дейін Жол талағамайтын 10 Land Cruiser көлігін 10 метрге сүйрегенін де айтты.

Спорт шебері осы жолғы шараға бір күн ғана дайындалғанын жеткізді. Сонымен қатар ол 2023 жылы ресейлік спортшының әлемдік рекордын 400 килограмға жаңартты.

"Менде 12 тоннадан 16 тоннаға дейін сүйреу деген күнде жоспар бар. Режим бар. Жылқы мен қой етін ғана жеймін. Қымыз бен су ішемін. Дене ауыр жүктемеге үйренеді. Жүрекке жүктеме болуы мүмкін. Бет те ісіп кетеді", - дейді ол.

Бауыржан Камалиев – Ішкі істер министрлігі әскери тергеу департаменті қызметкері, бұл салада 16 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

"Бұл үшін ешкімнен ештеңе сұраған да, дәметкен де жоқпын. Бәрі сұрайды. Ешкім ештеңе бермейді деймін. Мен бұны елге қызметім деп білемін. Спортты да басында елдің атын шығарамын деп бастаған едім. Бәлкім бір қазақ баласы, жанкүйер болып, аға сияқты боламын, салауатты өмір сүремін десе болғаны. Әркім өз саласының рекордсмені болса, болды.

Менің қазір бапкерлікке уақытым жоқ. Оның үстіне полициядағы қызметім бар. Қызметпен де, спорпен де айналысамын деген жастар көп. Ақыл-кеңес сұрап жатады", - дейді ол.

Ескерту, видеодағы әрекетті қайталауға кеңес бермейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2120949-eshkim-eshtenge-bermeidi-ushaqty-ornynan-qozgagan-bauyrzhan-kamaliev-tangdauy-nelikten-pauerlifting-bolganyn-aitty/