Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" Игитаның орнына жаңа қақпашыны тапты

Жарияланған күні:

Футболшы Лео Игита
Футболшы Лео Игита. Фото: fckairat.com

"Атырау" футзал клубының қақпашысы Ерасыл Шарапиденов алматылық "Қайрат" футзал клубына ауысады. Бұл туралы ақпаратты KAZ.NUR.KZ "Атырау" футзал клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ақпарат мұнайшылардың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғанымен, алайда келісімшарттың егжей-тегжейі әлі ашылмады.

Ерасыл Шарапиденов - Атырау футзалының тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасына 19 жасқа дейінгі құрамға шақырылып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қайрат" футзал клубының қақпашысы, әрі капитаны болған Игита алматылық клубпен қоштасып, осы жазда басқа командаға ауысатыны жөнінде хабарланған болатын. Алдағы уақытта ол "Семей" футзал клубының құрамын толықтырады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2121840-qairat-igitanyng-ornyna-zhanga-qaqpashyny-tapty/