Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы аударыспақтан әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Ұлттық құрама чемпиондары
Ұлттық құрама спортшылары. Фото: instagram.com/audaryspaq.kz/

Қазан қаласында өткен аударыспақтан үшінші әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшылары топ жарып, чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Аударыспақ федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

2024 жылдың 21-22 маусым күні Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен ат үстіндегі күрестен (аударыспақ) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 6 елінен, 8 құрама команда қатысты. Атап айтар болсақ, Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы бақ сынады.

Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев қорғады.

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты.

Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100 келіде күрескен Төлеби Қайыржановқа күміс жүлде бұйырды.

Осылайша, 8 құраманың арасынан топ жарған Қазақстан командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Екінші орын – Қырғызстан, үшінші орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2122422-qazaqstan-quramasy-audaryspaqtan-alem-chempiony-atandy/