Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи лицензия: қазақстандық брейкдансер Париж Олимпиадасына жолдама алды

Жарияланған күні:

Әмір Зәкіров
Әмір Зәкіров. Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

Әмір Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мажарстан астанасы Будапеште өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Әмір Олимпиада жолдамасын еншіледі. Ол жарыстың финалына дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілі Lee-ге есе жіберді. Осылайша, екінші орын алды. Үшінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Hong10 иеленді.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинады (Шанхайдағы жарыста ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық би-бой алтыншы орынға жайғасты. Бұл нәтиже оған Олимпиада жолдамасын алуға мүмкіндік берді.

Брейкинг алғаш рет Олимпиада бағдарламасына еніп отыр. Осылайша, Зәкіров жеңіп алған жолдама тарихи лицензия болып саналады. Ол Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы болмақ.

Еске салайық, биыл Париж Олимпиадасында брейкинг бойынша алғаш рет медальдар жиынтығы сарапқа салынатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2122566-qazaqstandyq-breikdanser-parizh-olimpiadasyna-tarihi-litsenziia-zhengip-aldy/