Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бет сүйегі сынған, миы шайқалған": Еуро-2024 қатысушысы матч кезінде ауыр жарақат алды (видео)

Жарияланған күні:

Жарақат
Еуро-2024 матчы кезіндегі оқиға. Фото: Andrew Milligan/PA Images via Getty Images

"Ференцварош" клубы мен Венгрия құрамасының шабуылшысы Барнабаш Варга матч кезінде орын алған қатты қақтығыс салдарынан ауыр жарақаттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шотландия құрамасына қарсы матчтың 68-минутында 29 жастағы шабуылшы Барнабаш Варга қарсылас команданың қақпашысы Ангус Ганнмен және қорғаушы Грант Хэнлимен қақтығысады. Оқиғадан кейін шабуылшы көгалға құлап, бетін қолымен жауып жатып қалды. Дәрігерлер ойыншыға алғашқы көмек көрсету үшін дереу алаңға жүгірді.

Ал бұл туралы Венгрияның футбол ассоциациясы да мәлімдеме жасады.

"Соқтығысу кезінде Варганың бірнеше бет сүйегі сынған. Сондай-ақ оның миы шайқалған. Шабуылшыға операция жасалуы мүмкін. Ол түнді Штутгарт ауруханасында өткізеді. Оған бүкіл команда қолдау көрсетеді", - деп жазылған Венгрияның футбол ассоциациясының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Барнабаш Варга ұлттық құрама сапында 2023 жылдың наурыз айынан бастап ойнап келеді. Бұл Еуропа біріншілігінде венгриялық форвард топтық кезеңнің 3 матчына да қатысып, Швейцария құрамасының қақпасына гол соқты.

Айта кетейік, Еуро-2024 топтық кезеңінің үшінші турында Венгрия құрамасы Шотландиядан 1:0 есебімен басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2122791-bet-suiegi-syngan-miy-shaiqalgan-euro-2024-qatysushysy-match-kezinde-auyr-zharaqat-aldy-video/