Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

253 миллион теңге: Көшпенділер ойындарында жүлделі орын иеленген спортшы қанша сыйақы алады

Жарияланған күні:

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Фото: Mehmet Eser/Anadolu Agency via Getty Images

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бас серіктес пен іс-шараның демеушісі қанша қаражат бөлетінін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығына жоспарланған. Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар келеді деп күтілуде. Ойындардың бірегейлігі – спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалардың ұштасуында.

Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі кіріп, 110 медаль жиынтығы ойнатылады. Жарыс ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулаудың түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша өтеді. Қазіргі уақытта ұлттық құрама даярлықты бастады, командалар құрамы қалыптасуда, оқу-жаттығу шаралары өткізілуде.

"Серіктестеріміз бөлген қаражат бірінші кезекте жүлделерді төлеуге бағытталады. Олардың жалпы сомасы 253 миллион теңгені құрайды. Әр спорт түрі бойынша жеке және командалық жүлделер тағайындалады. Көкпар мен көк бөріден жеңімпаз команда 10 млн теңге, 2-орын алған команда 6 млн теңге, 3-орын үшін 4 млн теңге алады.

Жеке спорт түрлерінде алтын медаль иегерлеріне 500 мың теңгеден үлестірілсе, 2-орын 300 мың теңгені иеленеді. Қола жүлдегер 200 мың теңге алады", - деді Н. Нұров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жеңімпазы 3 миллион теңгеден иеленсе, аламан бәйге жеңімпазы 5 миллион теңгені қалтасына салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2123373-253-million-tengge-koshpendiler-oiyndarynda-zhulde-algan-sportshy-qansha-syiaqy-alady/