Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді лақтырып кетті": қазақстандық бапкерлер ушу федерациясындағы келеңсіз жағдайды мәлімдеді

Жарияланған күні:

Мухидин Маюфи мен Ренат Керимов
Мухидин Маюфи мен Ренат Керимов. Скриншот: instagram.com/mayufi_team

Ушу спортынан қазақстандық жаттықтырушы Ренат Керимов Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында әріптесі Мухидин Маюфимен бірге Қытайдағы ушу курстарында бюрократиялық келеңсіздікке қалай тап болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бұл Қазақстан ушу федерациясының масқара тірлігі. Бүгін бізде коучинг курстарында емтихан бар еді, бірақ олар бізге емтиханға жіберілмейтінімізді мәлімдеді. Біз толық курстан өттік, алайда халықаралық ушу федерациясы бізге Қазақстан ушу федерациясымен барлық мәселені шешуіміз керек екенін айтты. Бұл біздің кінәміз емес еді. Мен Қытайға өз қаражатымды төлеп бардым, ал менің әріптесім, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мухидин Маюфи мемлекет есебінен барды. Бізге федерацияда олай қараудың қажеті жоқ. Бізді Қытайда лақтырып кетті", - деді Ренат Кәрімов.

Еске салайық, кеше әлеуметтік желіде жаттықтырушылар Қазақстанның үшу федерациясындағы бюрократиялық келеңсіздіктер туралы айтып, жұртшылықтың көмегіне жүгінген видео жариялады.

Ал бүгін Қазақстан ушу федерациясы халықаралық ушу федерациясына қазақстандық жаттықтырушылар Мухидин Маюфи мен Ренат Керимовты Қытайдыі Цзяньинде өтіп жатқан жаттықтырушылық курстарға жібермеуін өтініп хат жолдады.

"Біз халықаралық ушу федерациясына жаттықтырушылар Мухидин Маюфи мен Ренат Керимов Цзяньинде өтіп жатқан WUF курстарына Қазақстанның ушу және кунг-фу федерациясынан ресми түрде жіберілмегенін, өз еріктерімен барғанын мәлімдейміз. Біз халықаралық ушу федерациясынан бұл адамдарға семинарға қатысуға рұқсат бермеуін сұраймыз, өйткені бұл жаттықтырушылар конституциялық емес әрекеттері үшін дисквалификация алған. Біздің федерацияда ресми түрде қызмет ететін жаттықтырушылар бар, олар – Артем Бейбалаев пен Алексей Бабенко. Құрметпен, Қазақстан ушу федерациясының бас хатшысы Александр Радунцев", - делінген хатта.

Ренат Керимов пен Мухидин Маюфи әлеуметтік желіде Радунцевтің жаттықтырушылық курстарға өтініш беру жөніндегі барлық нұсқауларын орындағанын мәлімдеді. Бұл жаттықтырушылардың Қытайда өтіп жатқан курстарға баруына қарамастан, федерация олардың өтініштерін мақұлдамады.

Биылғы жылдың наурыз айында қазақстандық ушу спортшылары отандық федерация басшылығындағы сыбайлас жемқорлық пен бопсалауға қатысты мәселелер бойынша айыптап, жұртшылықтан көмек сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2126925-bizdi-laqtyryp-ketti-qazaqstandyq-bapkerler-ushu-federatsiiasyndagy-kelengsiz-zhagdaidy-malimdedi/