Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүзуден екі қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Жарияланған күні:

Әділбек Мусин
Әділбек Мусин. Фото: SEBASTIEN BOZON/AFP via Getty Images

Жүзуден Қазақстан атынан екі спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әділбек Мусин Парижде 100 метрге еркін және баттерфляй әдісімен жүзуден ел намысын қорғайды. Ал Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден сынға түседі.

Жүзу спортынан еліміздің тарихында Дмитрий Баландин Олимпиада жеңімпазы атанып, ел мерейін асқақтатқан еді. Нақтылап айтар болсақ, 2016 жылы өткен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин алтыннан алқа таққан болатын.

Айта кетейік, жанкүйерлер тағатсыздана күткен төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар 25 спорт түрінен 83 лицензия (72 спортшы үшін) жеңіп алған. 5 шілдеге дейін жеңіл атлетикадан спортшылар тағы да лицензиялар жеңіп алады деп күтіліп отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2127639-zhuzu-sportynan-eki-sportshy-parizh-olimpiadasynyng-zholdamasyna-ie-boldy/