Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы әнұран жаттап жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Софья Самоделкина
Софья Самоделкина. Фото: Instagram @sofyasamodelkina

Жаңа маусымнан бастап Қазақстан атынан өнер көрсететін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан әнұранын жаттап жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Риа Новости Спорт порталына сілтеме жасап хабарлайды.

17 жастағы Самоделкина мамырда Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алған еді.

"Қазақстан әнұранының сөздерін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу қолымнан келетініне сенімді емеспін, бірақ барынша тырысамын", - деді спортшы.

Tengri Sport сайтының жазуынша, Софья мәнерлеп сырғанаудан жазғы Қазақстан чемпионатына қатысады. Бұл оның Қазақстан азаматтығын алғаннан кейінгі алғашқы жарысы болмақ. Турнир 15-18 шілдеде Қарағандыда өтеді. Самоделкина Астананың атынан өнер көрсетеді.

Софья Самоделкина жасөспірімдер арасындағы Ресей кубогының финалында (2020) және Денис Тен мемориалында жеңіске жеткен (2021). Сонымен бірге ол Словениядағы жасөспірімдер арасындағы әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2127942-qazaqstan-azamattygyn-algan-reseilik-sportshy-anuran-zhattap-zhatqanyn-aitty/