Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұралы Әліп "Зенит" футболшыларын күлкіге қарқ қылды (видео)

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп және "Зенит" футбол клубының ойыншылары
Нұралы Әліп және "Зенит" футбол клубының ойыншылары. Фото: t.me/fczenit

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" клубының жаттығуында оқыс қимылымен өзінің командаластарын күлкіге қарқ қылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Telegram желісіндегі рессми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығу барысында Нұралы Әліп пен "Зенит" футбол клубының ойыншылары бір-біріне әуелетіп пас беріп тұрған. Сол сәтте Нұралы ерекше пас беремін деп байқаусызда желкесіне ұрып жібереді. Командаластары ду күледі. "Зенит" футбол клубының Telegram арнасы жарияланған бұл видеода:

"Нурик оралды! Біз сағынып қалдық", - деп жазылған.

24 жастағы қорғаушы Нұралы Әліп жақында Қазақстан құрамасы үшін өткен жолдастық матчтардан кейін өз клубына қайта оралды.

Айта кетейік, Нұралы 2022 жылдың басында Санкт-Петербург командасының футболшысы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128098-nuraly-alip-zenit-futbolshylaryn-kulkige-qarq-qyldy-video/