Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 қараша – Пеле патша күні: Бразилияда жаңа мереке пайда болды

Жарияланған күні:

Пеле
Пеле. Фото: Getty Images/Robert Cianflone

Бразилияда жаңа ұлттық мереке пайда болды. Биылдан бастап әр жыл сайын 19 қарашада "Пеле патша күні" атап өтіледі, деп хабарлайды Apnews.com cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дереккөздің жазуынша, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва аңыз футболшы Пелені еске алуға арналған күн туралы заң қабылдаған. Енді жыл сайын 19 қараша "Пеле патша күні" ретінде атап өтіледі.

Бұл мерекеге дәл осы күннің таңдалуы бекер емес. 1969 жылы 19 қарашада "Сантос" командасы мен Бразилия құрамасының футболшысы Пеле "Васко да Гамаға" қарсы матчта мансабындағы 1000-голын соққан еді.

Айта кетейік, Пеле 2022 жылы 82 жасында дүниеден озды. Ол үш рет әлем чемпионы (1958, 1962, 1970 жылдары) атанған әлемдегі жалғыз футболшы еді. ФИФА ұйымы оны XX ғасырдың үздік футболшысы деп таныған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128107-19-qarasha-pele-patsha-kuni-braziliiada-zhanga-mereke-paida-boldy/