Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" командасының велошабандозы "Тур де Франс" кезеңін жеңіп, тарихи рекорд орнатты

Опубликовано:

Велошабандоз Марк Кавендиш
Велошабандоз Марк Кавендиш. Фото: JASPER JACOBS/BELGA MAG/AFP via Getty Images

Astana Qazaqstan Team велокомандасы сапында өнер көрсететін британиялық велошабандоз Марк Кавендиш беделді "Тур де Франс" көпкүндігінде ерекше жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тур де Франс" жарысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марк Кавендиш бесінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Ол 177,4 шақырым қашықтықты 4 сағат 8 минут 46 секундта артта қалдырды.

Бұл жеңіс британиялық үшін көпкүндік кезеңдерінде жеткен 35-жеңісі. Осылайша Astana Qazaqstan Team велокомандасының шабандозы аты аңызға айналған бельгиялық Эдди Меркстің рекордын жаңартты. Осыған дейін екеуінің Гранд-тур кезеңдеріндегі жеңіс саны 34-ке тең болған. Бұл жеңісі Марк Кавендиштің алға шығуына жол ашты.

Сондай-ақ бұл кезеңде Alpecin-Deceuninck велокомандасының бельгиялық шабандозы Яспер Филипсен мәреге екінші болып келсе, Uno-X Mobility командасының норвегиялық шабандозы Александр Кристофф үштікті түйіндеді.

Жалпы есептегі көшбасшылықты UAE Team Emirate командасы атынан өнер көрсететін словениялық Тадей Погачар сақтап қалды. Екінші орынға Soudal Quick-Step командасының нидерландық Ремко Эвенепул жайғасса, үшінші орынды Team Visma командасының даниялық шабандозы Джонас Вингегор иемденді.

Айта кетейік, Марк Кавендиш 39 жаста. Ол "Тур де Франс" көпкүндігінің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2021). Сондай-ақ ол өзінің мансабында Джиро д' Италия (2013) мен Вуэлтаны (2010) жеңіп алды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128719-astana-komandasynyng-veloshabandozy-tur-de-frans-kezengin-zhengip-tarihi-rekord-ornatty/