Қазақстан құрамасы Ресейдің Якутск қаласында өткен VIII "Азия балалары" халықаралық спорт ойындарында 107 медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ турнирдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасы 17 алтын, 31 күміс, 59 қола жүлде жеңіп алып, жарыс кестесінде 7-орынға жайғасты.
"Азия балалары" ойындарында ең көп медаль иеленген 10 құрама:
- Өзбекстан – 36 алтын, 31 күміс, 21 қола;
- Cібір федералды округі – 31 алтын, 31 күміс, 32 қола;
- Белорусь Республикасы – 27 алтын, 21 күміс, 30 қола;
- Cаха Республикасы – 25 алтын, 26 күміс, 30 қола;
- Мәскеу – 25 алтын, 19 күміс, 20 қола;
- Орал федералды округі – 22 алтын, 23 күміс, 25 қола;
- Қазақстан – 17 алтын, 31 күміс, 59 қола;
- Қиыр Шығыс федералды округі – 16 алтын, 13 күміс, 38 қола;
- Таиланд – 8 алтын, 9 күміс, 5 қола;
- Корей Халық Демократиялық Республикасы – 7 алтын, 1 күміс, 0 қола.
Айта кетейік, "Азия балалары" ойындарына 24 елдің спортшылары қатысты. Олар 24 спорт түрінен 239 медальдар жиынтығын сарапқа салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2130303-17-altyn-qazaqstan-quramasy-aziia-balalary-oiyndarynda-107-medal-zhengip-aldy/