Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рекордтар күтеміз": жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкері Олимпиадада жоғары нәтиже көздеп отыр

Жарияланған күні:

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов. Фото: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов Sport Plus Qazaqstan порталына берген сұқбатында Париждегі Олимпиада ойындарына алынған жолдамалар мен қазақстандық спортшыларды төртжылдықтың басты жарысына дайындау барысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

– Дмитрий Васильевич, қазіргі таңда жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасында неше спортшы бар?

Бүгінде еліміздің құрамасында 42 спортшы бар. Бұл Қазақстанның әрбір өңірінің атынан қатысатын спортшылар.

– Олимпиадаға қатысуға Қазақстан құрамасы қанша жолдаманы жеңіп алды?

– Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 8 жолдамаға қол жеткізді.

  • Нора Джеруто – 3000 метрге жүгіру;
  • Дейзи Джепкемей – 3000 метрге жүгіру;
  • ⁠Дейзи Джепкемей – 10000 метрге жүгіру;
  • Мамажанова Жанна – марафон;
  • Дубовицкая Надежда – биіктікке секіру;
  • Матвеева Елизавета – биіктікке секіру;
  • Ефремов Давид – 110 метрге жүгіру;
  • Сафронова Ольга – 200 метрге жүгіру.

Екі лицензияны спортшылар белгіленген нормативтер бойынша тікелей жеңіп алды, ал 6 лицензия әлемдік рейтинг бойынша қанжығамызға түсті. Спортшылар Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпайларды жинады.

– Спортшылардың алдағы Олимпиадаға дайындығы қалай өтуде?

– Спортшылар жаттықтырушыларымен келісілген жоспарлары бойынша дайындалып жатыр. Ең жақсы нәтижеге жету үшін әр спортшы өз стратегиясын құруда.

– Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы Олимпиада ойындарында қандай мақсатқа жетуді көздеп отыр?

– Біз әрқашан тек жақсылыққа үміттенеміз және спортшыларымыздан жеке рекордтар күтеміз.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дмитрий Васильевич Карпов өзі де кәсіби түрде жеңіл атлетикамен айналысқан. Ол 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2130759-rekordtar-kutemiz-zhengil-atletikadan-qazaqstan-quramasynyng-bapkeri-olimpiadada-zhogary-natizhe-kozdep-otyr/