Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ер адамға ұқсайды": Қазақстан волейбол федерациясы вьетнамдық спортшының жынысына күмәнданды

Жарияланған күні:

Нгуен Туен
Нгуен Туен. Фото: asianvolleyball.net

Қазақстан волейбол федерациясының өкілдері Вьетнам әйелдер құрамасының волейболшысы Нгуен Туеннің жынысына күмәнданып отыр. Олар спортшының ағзасындағы тестостеронды тексеруді талап етіп, әлемдік федерацияға хат жолдамақ, деп хабарлайды Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамырда волейболдан ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы финалда Вьетнамнан жеңіліп қалған болатын. Вьетнамдық волейболшы Нгуеннің жынысы Қазақстан волейбол федерациясының өкілдеріне күмән туғызған. Өйткені оның іс-қимылы әйелден гөрі, ер адамға ұқсайтын көрінеді.

"Біз матчты қайта ойнатуды немесе ойын нәтижесін қайта қарауды сұрамаймыз. Турнир кезінде ол өзінің қыз екенін дәлелдейтін анықтама әкелген. Тіпті, оның суретін де менің жекеме жіберді.

Шамасы, оның гармондық жүйесінде үлкен өзгерістер болған сыңайлы. Біз оның ағзасындағы тестостеронды тексеруді талап етіп, әлемдік федерацияға хат жолдаймыз. Біздің бас бапкердің айтуынша, оның соққысы, допты қабылдауы – барлығы ер адамға ұқсайды", - деді федерацияның вице-президенті Ермек Сырлыбаев.

Айта кетейік, 24 жастағы Нгуен Туен Вьетнам – Қазақстан ойынында 26 ұпай жинап, MVP (ең бағалы ойыншы) атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2130810-er-adamga-uqsaidy-qazaqstan-voleibol-federatsiiasy-vetnamdyq-sportshynyng-zhynysyna-kumandandy/