Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының сәтсіздігіне мысық "кінәлі" деп табылды

Жарияланған күні:

Футболдан Бразилия құрамасының баспасөз қызметкері мен ойыншысы Винисиус Жуниор
Бразилия құрамасының баспасөз қызметкері мен ойыншысы Винисиус Жуниор. Фото: The-sun.com

Футболдан Бразилия құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шыға алмаған болатын. Осыдан кейін БАҚ-та команданың "жолын кескен" мысық туралы ақпарат тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Sun порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Thе Sun сайтының журналистері Бразилия құрамасының сәтсіз ойынын баспасөз мәслихаты кезіндегі жағдаймен байланыстырды. Матч алдындағы жиында Бразилияның баспасөз қызметкері үстел үстіне шығып кеткен мысықты лақтырып жіберген еді. Аталмыш оқиға Қатардағы әлем чемпионатының Хорватия мен Бразилия арасындағы ширек финалдық ойынында орын алған.

"Винисиус Жуниор БАҚ өкілдерімен сөйлескен кезде мысық үстел үстіне секірді. "Реал Мадрид" клубының жұлдызы бұл жағдайға күлсе, Бразилия құрамасының өкілі күтпеген жерден мысықты ұстап алып, оны үстелден лақтырып жіберді. Мысыққа ештеңе болмаса да, жанкүйерлер ер адамның әрекетін сынға алды. Сол бір сәттен бастап Бразилия құрамасын сәтсіздік торуылдап жүр", - деп жазды The Sun.

2023 жылдың қазан айында Неймар Уругвай құрамасына қарсы матч кезінде ауыр жарақат алды. Содан кейін жасөспірімдер командасы Олимпиада турниріне қатыса алмады.

Сонымен қатар, Бразилия құрамасы соңғы алты Америка кубогының ешқайсысын жеңе алмады және 22 жыл бойы әлем чемпионатын бағындыра алмай келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2131770-futboldan-braziliia-ulttyq-quramasynyng-satsizdigine-mysyq-kinali-dep-tabyldy/