Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мылтық атудан лицензия алу оңай емес": Әсем Орынбай Олимпиадаға дайындығы жайлы айтты

Жарияланған күні:

Мылтық ату спорты
Мылтық ату спорты: Olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан құрамасының үздігі Әсем Орынбай Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына Париж Олимпиадасына дайындығы туралы сұқбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінде спортшылар Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бірнеше күн бұрын дайындық кезеңі басталды. Қазір бабымызға еніп келеміз. Осы жерден тікелей Францияға ұшамыз.

Мылтық атудан лицензия алу оңай емес. Жолдама алдымен әлем біріншілігінде, кейін Азия чемпионатында беріледі. Ал рейтинг бойынша тек бірінші орындағы спортшыға жолдама бұйырады. Сол квотаны иеленген жайым бар. Бұған дейін екі іріктеу турнирінде финалға шығып, жолдамадан қағылған едім.

Рейтингте мен қарсыластарымнан біраз ұзап кеттім. Сондықтан, мені ешкімнің қуып жете алмайтыны 3-4 ай бұрын белгілі болған. Ендігі бар ойымыз – Париж Олимпиадасында намысқа тырысып, еліміздің атын шығару", - деді Әсем Орынбай.  

Айта кетейік, Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының жеңімпазы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2131800-myltyq-atudan-litsenziia-alu-ongai-emes-asem-orynbai-olimpiadaga-daiyndygy-zhaily-aitty/