Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Нидерланд және Англия жанкүйерлері төбелесіп қалды

Жарияланған күні:

Нидерланд және Англия жанкүйерлері арасындағы қақтығыс
Нидерланд және Англия жанкүйерлері арасындағы қақтығыс. Фото: dailymail.co.uk

Еуро-2024 турнирінің жартылай финалдық матчына дейін Нидерланд және Англия жанкүйерлері арасында қақтығыс орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Англия мен Нидерланд құрамалары кездескен Еуропа чемпионатының жартылай финалдық матчының алдында жанкүйерлер арасында жаппай төбелес орын алды.

Жанжал жергілікті дәмхананың жанында басталған. Нидерланд жанкүйерлері англиялықтарды ұрып-соғып, оларға пластикалық орындық пен басқа да заттарды лақтырды.

Daily Mail басылымы осы бір қақтығыс кезінде бес ағылшын жанкүйері зардап шеккенін хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар жақын маңдағы мекемелерді қорғауға тырысқан, сонымен қатар бұл іс полицияның араласуымен тоқтады. Кейбір дереккөздерге сүйенетін болсақ, екі елдің жанкүйерлері бір-біріне балағат сөздер айтып, қақтығысты одан әрі ушықтырған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2132322-euro-2024-turnirining-zhartylai-finalynda-zhengilgen-niderlandtyqtar-tobeles-shygardy-video/