Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Көшпенділер ойынын өткізуге қанша қаражат жұмсалады

Жарияланған күні:

Жылқы. Көрнекі сурет
Жылқы. Көрнекі сурет: pixabay.com

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындалу және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бүған қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Бұл туралы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұровтың айтуынша, ойындардың жалпы операциялық бюджеті – 5,7 млрд теңге.

"Иә, бұл қомақты қаржы, бірақ 2011 жылы өткен жетінші қысқы Азия ойындарының бюджеті 20 есе көп болды. 2017 жылы Алматыда өткен Универсиаданың бюджеті бес есе жоғары болғанын еске салғым келеді", - деп атап өтті Нұров.

Ол қаражаттың белгілі бір бөлігін қаржылық серіктестер мен демеушілер аударатынын атап өтті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге барлығы 8 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалады деп жоспарлануда. Сонымен қатар бұл сомаға елорданы және спорттық нысандарды ойындарға дайындау кіреді.

Туризм және спорт министрлігінің сайтында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында Астанада өтетіні жазылған.

Ойынға 89 елден делегациялар қатысады деп күтілуде, бұл 2,5 мыңға жуық спортшы. Астанадағы ең үздік спорт алаңдарында 20 жарыс және 10 демонстрациялық спорт түрінен жарыстар өтетіні атап өтілді. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалдық ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс аулаудың ұлттық түрлері, ат жарысы, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлерінен көрсетілім қойылымдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2132790-qazaqstanda-koshpendiler-oiynyn-otkizuge-qansha-qarazhat-zhumsalady/