Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абдырап қалдым": Елена Рыбакина "Уимблдонның" жартылай финалындағы жеңілісі туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: HENRY NICHOLLS/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон-2024" турнирінің жартылай финалындағы жеңілісі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Tennis Letter басылымының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елена Рыбакина жартылай финалда Чехия өкілі Барбора Крейчиковамен (WTA әлемдік рейтингінде 32-орында) кездесті. Бұл ойында Крейчикова 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңіске жетті.

"Барбора өте жақсы ойнады. Менің мүмкіндігім болды. Бірақ бәрібір бұл мен үшін жақсы турнир деп ойлаймын. Ол екінші сетте қарқынын арттырып, пайыздық үлесін көбейтті. Менің пайызым аздап төмендеді.

Барлығы өте тез өтті. Физикалық тұрғыдан да кейбір маңызды сәттерде абдырап қалдым. Мен агрессивті болып, аяғыммен жұмыс істеуім керек еді. Бірақ ол кортты ашып, жақсы ойнады. Басқа не айтарымды білмеймін", - деді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, "Уимблдон" турнирінің финалында Крейчикова италиялық Жасмин Паолинимен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2132901-abdyrap-qaldym-elena-rybakina-uimbldonnyng-zhartylai-finalyndagy-zhengilisi-turaly-aitty/