Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина соңғы қатысқан турнирінде қанша пайда тапты

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Antonio Borga/Eurasia Sport Images/Getty Images

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды. Жарыстың осы кезеңіне дейін жеткен қазақстандық теннисшінің қанша сыйақы алғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Уимблдонның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Уимблдон додасының жартылай финалында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 32-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковаға есе жіберіп қойды. Тартысқа толы ойында Елена Рыбакина 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Уимблдон сайтында жарияланған ресми құжатқа сәйкес, Елена Рыбакина жартылай финалға дейін шыққаны үшін 715 мың фунт стерлинг немесе 400 миллион теңгеден астам табыс тапты.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалында физикалық тұрғыдан да кейбір маңызды сәттерде абдырап қалғанын айтқан болатын.

Аталмыш жарыстың жартылай финалында Елена Рыбакинаның алдын ораған Барбора Крейчикова Уимблдон-2024 додасының ақтық сынында Ясмин Паолинимен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2133126-elena-rybakina-songgy-qatysqan-turnirinde-qansha-paida-tapty/