Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық Олимпиадалық комитет Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: t.me/olympickz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты қауесетке жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұқбатында Геннадий Головкиннің Ұлттық Олимпиадалық комитетте 20-25 миллион теңге шамасында жалақы алатынын естігенін айтқан еді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Головкиннің жалақысына қатысты тараған ақпарат жалған екенін айтты.

"Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.

Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-нің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.

Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-нің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда", - делінген ҰОК-ның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сондай-ақ комитет өкілдері жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес, атап айтқанда, ҚР ҚК 274-бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 26 ақпаннан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып қызмет атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2133696-gennadii-golovkin-ulttyq-olimpiadalyq-komitette-qansha-zhalaqy-alady/