Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов бапкеріне жаңа көлік сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов пен Баян Жанғалов
Шавкат Рахмонов пен Баян Жанғалов. Скриншот: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бапкері Баян Жанғаловқа автокөлік сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шавкат Рахмонов бапкеріне көлік мінгізген сәтінің видеосын Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады.

"Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауды Алла нәсіп етті", - деп жазды қазақстандық файтер.

Айта кетейік, Жанғаловтың жетекшілігімен Рахмонов MMA-дан әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды, M-1 Global лигасында чемпион атағын жеңіп алды және UFC-де өнер көрсете бастады.

Шавкат Рахмоновтың кәсіпқой MMA-дағы рекорды – 18-0. Ол осыған дейін UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Қазақстандық файтер соңғы кездесуін 2023 жылы АҚШ өкілі Стивен Томпсонқа қарсы өткізіп, екінші раундта жеңген болатын. Қазір Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2133960-shavkat-rahmonov-bapkerine-zhanga-avtokolik-syilady-video/