Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен спортшылардың формасына баға берді

Жарияланған күні:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: akorda.kz

ҚР Премьер министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бүгін, 16 шілдеде үкімет отырысына дейін Олимпиадаға қатысатын спортшылардың формасы туралы пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер Тамара Дүйсеновадан қазақстандық спортшылардың олимпиадаға арналған киім үлгісі туралы пікірін сұрады. Дүйсенова форманың өзіне ұнайтынын айтты.

"Әркімге өз формасы ұнайды, бізге өз формамыз ұнайды", - деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен бірге журналистер қазақстандық спортшылардың жиынтық формасында қыстық бас киім бар екенін айтып: "Жазда өтетін Олимпиада ойындарына неліктен қыстық бас киім тігілген?" деген бағыттағы сауал тастады.

"Әріптестер, киім үлгіміз жақсы, бастысы жақсы нәтиже күтейік", - деп қысқа қайырды Тамара Дүйсенова.

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісі желіде қызу талқыға түскен болатын. Сондай-ақ Моңғолия құрамасының Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған формасы көпшілікті тәнті еткен еді.

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2134854-tamara-duisenova-aleumettik-zhelide-qyzu-talqyga-tusken-sportshylardyng-formasyna-baga-berdi/