Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: тарихта тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі теңесті

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасы
Париж Олимпиадасы. Фото: Olympic.kz

Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі теңесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ҚР Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, Париж Олимпиадасында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі 50/50 пайызды құрайды. Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына 80 спортшы қатысады. Еліміздегі жағдай басқаша: Олимпиадаға аттанатын спортшылардың 54-і білектілер болса, 26-сы бұрымдылар.

Еліміз тарихында төрт жылдықтың басты бәсекесінде 71 медаль еншілеген, ал 18 жүлдені нәзік жандылар жеңіп алған. Нәзік жандылар арасында тұңғыш Олимпиада жүлдесін жеңіл атлет Ольга Шишигина 2000 жылы Сиднейде өткен додада жеңіп алды.

Ал ең көп медальды тағы бір жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден ұтып алды. Пекинде күміс еншілеп (2008), Лондонда алтын алқа тағып (2012), Рио-де-Жанейрода қола жүлдеге қол жеткізді (2016). Ел тарихында көп жүлде ауыр атлетика (5) мен күрестен (5) бұйырды. 

Осыған дейін өткен Олимпиада ойындары мен осы додада топ жарған спортшыларымыздың көрсеткіштерін ұсынамыз:

1996 жыл – Атланта Олимпиадасы

96 қатысушы (72 ер, 24 әйел);

11 жүлдені де ерлер алды.

2000 жыл – Сидней Олимпиадасы

130 қатысушы (86 ер, 44 әйел);

6 жүлдені ер адамдар еншілесе, әйелдер арасындағы алғашқы жүлдеге Ольга Шишигина қол жеткізді.

2004 жыл – Афина Олимпиадасы

114 қатысушы (71 ер, 43 әйел);

8 жүлдені ер адамдар алды.

2008 жыл – Бейжің Олимпиадасы

130 қатысушы (60 ер, 70 әйел);

6 жүлдені білектілер, 3 жүлдені бұрымдылар еншіледі.

2012 жыл – Лондон Олимпиадасы

113 қатысушы (73 ер, 40 әйел);

7 жүлдені ерлер, 4 жүлдені әйелдер еншіледі.

2016 жыл – Рио Олимпиадасы

101 қатысушы (55 ер, 46 әйел);

10 жүлдені ер адамдар, 8 жүлдені әйел адамдар еншіледі.

2021 жыл – Токио Олимпиадасы

97 қатысушы (64 ер, 33 әйел);

6 жүлдені ерлер, 2 жүлдені әйелдер еншіледі.

Көпшілік тағатсыздана күткен Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2135442-parizh-olimpiadasy-tarihta-tunggysh-ret-erler-men-aielderding-ulesi-tengesti/