Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америка кубогында басы дауға қалған аргентиналық футболшы тосын мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Футболшы Энцо Фернандес
Футболшы Энцо Фернандес. Фото: Stephen Nadler/ISI Photos/Getty Images

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес Франция құрамасының футболшыларына қарсы нәсілшілдікке бағытталған сөздер айтқаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ұлттық құраманың жеңісін тойлау кезінде әлеуметтік желіде жарияланған видео үшін кешірім сұраймын. Біз айтқан әнде балағат сөздер бар және бұл нәрсені ақтап ала алмаймын. Мен нәсілшілдікке қарсымын, сондай-ақ осы істеген ісім үшін кешірім сұраймын. Бұл Америка кубогындағы жеңістен кейінгі эйфорияның әсерінен болды. Бұл бейне, бұл сөздер менің көзқарасым мен мінезімді көрсетпейді. Мен өкініп тұрмын", - деп жазды Фернандес Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Америка кубогының финалында жеңіске жеткен Аргентина құрамасының футболшылары нәсілшілдікке бағытталған ән айтты. Кубокты жеңіп алғаннан кейін футболшы Энцо Фернандес әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, командаластарымен "Франция құрамасында ойнайды, бірақ олардың барлығы Анголадан шыққан" деген сөздер кездесетін әнді айтып, көпшіліктің наразылығын тудырған.

Ал осы оқиғадан кейін Франция футбол федерациясы баспасөз қызметі Аргентина құрамасының футболшыларының осы ісіне наразы екенін және ФИФА-ға тиісті шағым түсіретінін айтқан болатын.

Футболшының Instagram stories-і
Футболшының Instagram stories-і. Скриншот: instagram/enzojfernandez

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2135472-amerika-kubogynda-basy-dauga-qalgan-argentinalyq-futbolshy-tosyn-malimdeme-zhasady/