Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы ел чемпионатында топ жарды (видео)

Жарияланған күні:

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина. Фото: t.me/team_samodelkina

Бұрын Ресейдің намысын қорғаған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина алғаш рет Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәнерлеп сырғанаудан Қарағандыда өткен Қазақстанның жазғы чемпионатында Софья Самоделкина Астана қаласының атынан өнер көрсетті. Ол қысқа және ерікті бағдарламаның қорытындысы бойынша 161,43 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. 2-орынды София Фарафонова (140,55), 3-орынды Анна Санникова (136,41) еншіледі.

Бұл Самоделкинаның қазақстандық спортшы ретінде алғашқы жарысы болды. 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы биыл мамырда Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алған еді.

Софья Самоделкина жасөспірімдер арасындағы Ресей кубогының финалында (2020) және Денис Тен мемориалында жеңіске жеткен (2021). Сонымен бірге ол Словениядағы жасөспірімдер арасындағы әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2135937-qazaqstan-atynan-oner-korsetudi-sheshken-reseilik-sportshy-el-chempionatynda-top-zhardy-video/