Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақша үйренгім келеді": Сергей Емельянов Олимпиададан кейінгі жоспарын бөлісті

Жарияланған күні:

Сергей Емельянов
Сергей Емельянов. Фото: Olympic.kz

Байдарка мен каноэде есуден қазақстандық спортшы Сергей Емельянов ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүргеніне біршама жылдың жүзі болды. Ағасы Тимофей Емельянов та құрлықтық және әлемдік біріншіліктерде топ жарып, ел қоржынына жүлде салып жүр. Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұқбатында Сергей Емельянов Олимпиадаға дайындығы және қазақ тілін үйренуге қатысты пікір білдірді, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Токио Олимпиадасында сіз жартылай финалға дейін жеттіңіз. Париж Олимпиадасына дайындық қалай жүріп жатыр?

– Токиода 12-орынға тұрақтадық. Токиоға бармас бұрын көптеген қиындықты бастан өткердік, соның ішінде карантин адамды қажытып жіберді. Сондықтан бұл бәсекеге жүдеу тартып келдім. Осыған байланысты тиісті нәтижені көрсете алмадым. Ал Париж Олимпиадасына дайындығымыз жақсы. Біз қателіктерімізді түзедік және Олимпиадаға физикалық әрі психикалық тұрғыдан дайынбыз.

– Сіздің басты арманыңыз қандай? Олимпиададан кейінгі жоспарларыңыз туралы айтып берсеңіз.

– Олимпиададан кейін мен қазақ тілін үйренгім келеді, бұған дейін де мен мемлекеттік тілді білу маңызды екенін білетінмін. Арманым – Олимпиада ойындарының жүлдесін жеңіп алу. Әрине көпшілік айтып жүрген таптаурын әңгіме секілді көрінуі мүмкін, бірақ расында бұл бәсекеде топ жарғым келеді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 80 спортшы сынға түседі. Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 лицензия бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2136096-qazaqsha-uirengim-keledi-sergei-emelianov-olimpiadadan-keiingi-zhosparyn-bolisti/