Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Толық бабымдамын деп айта алмаймын": көркем гимнастшы Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Эльжана Таниева
Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Париж Олимпиадасына дайындығы жөнінде айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эльжана Таниева Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ әлі де толықтыруға тиіс жатытғуларды жетілдіріп жатқанын да жеткізген болатын.

"Біз бағдарламаны қиындатып, аздаған өзгеріс енгіздік. Қазіргі таңда жаттығуды таза, қатесіз орындауға басымдық берудеміз. Әртістік тұрғыдан да жұмыс істеп жатырмыз. Аяқ пен қолдың қызметіне көп көңіл бөлдік, себебі Олимпиадада жақсы нәтиже көрсету үшін барлық элементтерді толық меңгеру керек. Жетістікке жету үшін көпсайыстағы төрт жаттығуды қатесіз орындау керек. Сол кезде ғана жоғары баға беріледі. Маған барлық жаттығу да ұнайды.

Бүгінде толық бабымдамын деп айта алмаймын. Біз Олимпиадаға дайындалудамыз. Тура жарыс қарсаңында нағыз бабыңа енуің керек. Парижге ұшқанға дейін екі аптадай уақытымыз бар. Сондай-ақ Франция астанасында тағы жаттығамыз. Осы уақыт аралығында кем-кетіктерді жөндеп, жарыс басталғанда шын бабына енемін деп ойлаймын. Олимпиада әр спортшының мансабындағы ең маңызды жарыс. Сондықтан, бәсекелестік те өте жоғары болмақ. Негізі жарысты да, бәсекелестікті де ойламауға тырысамын. Менің міндетім төрт жаттығуды да таза орындап, еліміздің намысын абыроймен қорғау", - деді Эльжана Таниева.

Айта кетейік, Эльжана Таниева Париж Олимпиадасына тұңғыш рет қатысады. Спортшы Ташкентте өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын. Спортшы команданың бас бапкері Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2136789-tolyq-babymdamyn-dep-aita-almaimyn-korkem-gimnastshy-olimpiadaga-daiyndygy-turaly-aitty/