Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы гимнастшы шылым шеккені үшін Олимпиадаға қатыспайтын болды

Жарияланған күні:

Секо Мията
Секо Мията. Фото: Kiyoshi Ota/Getty Images

Спорттық гимнастикадан Жапония әйелдер құрамасының капитаны Секо Мията Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kyodonews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, Жапония гимнастика одағы Миятаны командалық кодексті бұзды, анығырақ айтқанда, шылым шегіп, алкоголь ішті деп айыптаған. Мұны 19 жастағы спортшының өзі де мойындады. Ол "көптеген қысымға байланысты" осындай әрекетке барғанын айтты. Кейін Миятаны Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыстырмау туралы түпкілікті шешім шығарылды.

Айта кетейік, Жапонияда 20 жасқа толмаған адамдарға темекі шегуге және ішімдік ішуге тыйым салынған.

Секо Мията – спорттық гимнастикадан 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Cондай-ақ ол Азия чемпионатында екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында болады. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2136939-19-zhastagy-gimnastshy-shylym-shekkeni-ushin-olimpiadaga-qatyspaityn-boldy/