Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париждің қақ ортасында қазақстандық спортшылардың фотосы ілінді (видео)

Жарияланған күні:

Қазақстан ұлттық құрамасына арналған фотокөрме
Қазақстан ұлттық құрамасына арналған фотокөрме. Фото: gov.kz

Қазақстанның Франциядағы елшілігінің аумағында Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына арналған фотокөрме ашылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрмеге бокс, дзюдо, теннис, таэквондо, семсерлесу, күрес, көркем гимнастика және велоспорт сияқты спорт түрлерінен сынға түсетін ұлттық құрама мүшелерінің суреттері ілінген.

"Отандастарымызды спорттың 25 түрінен 81 медаль жиынтығына таласатын спортшыларымызға қолдау көрсетуге, ал Франция астанасының тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз. Aлға, Қазақстан!", - делінген Қазақстанның Франциядағы елшілігінің хабарламасында.

26 шілдеде Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Ел қоржынында спорттың 25 түрінен 92 лицензия бар. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасын Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ресми түрде шығарып салу рәсімі өткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2137002-parizhding-qaq-ortasynda-qazaqstandyq-sportshylardyng-fotosy-ilindi-video/