Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар Париждегі Олимпиада қалашығына жайғаса бастады (фото)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Олимпида қалашығындағы бөлменің ішкі көрінісі
Олимпиада қалашығындағы Ильфат Абдуллиннің бөлмесі.Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері еліміздің алғашқы спортшылары Парижге аман-есен жетіп, Олимпиада қалашығына орналасқанын мәлімдеді. Бұл туралы комитетке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нысан Франция астанасының солтүстігінде бой көтерген. Олимпиада қалашығының аумағы 52 гектарға тең, оның аумағында 40 тұрғын үй және спортшыларға қажет басқа да ғимараттар бар.

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин тұрғын үйлер жағымды әсер қалдырғанын айтады. Спортшының бөлмесінде кондиционер болмағанымен, ол еріктілердің жұмысын ерекше атап өтті.

"Қазақстан құрамасынан біздің команда бірінші болып көшіп келді. Біз барлығын қарсы аламыз. Не айта алам? Жақсы жағдай жасалған, олимпиадалық атмосфера. Бәрі әдемі әрі жайлы.

Асхана жөнінде толыққанды ештеңе айта алмаймын. Әлі мәзірмен толық танысып үлгерген жоқпыз, бірақ менің ойымша, мәзірде бәрі қарастырылған және әркім өзі қалағанын таба алады. Оған қоса, қалашық ішінде қосымша тамақтану аймақтары, кофеханалар және т.б. бар", - деді Абдуллин.

Париж олимпиадасы қалашығындағы асхана
Париж олимпиадасы қалашығындағы асхана. Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан құрамасы республика өкілдерінің арасынан Олимпиаданы бірінші болып бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2137272-qazaqstandyq-sportshylar-parizhdegi-olimpiada-qalashygyna-zhaigasa-bastady/