Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи рекорд: Париж Олимпиадасына 8,8 миллионнан астам билет сатылды

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасы
Париж Олимпиадасы. Фото: Christian Liewig - Corbis/Corbis via Getty Images

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) спорт директоры Кит Макконнеллдің айтуынша, 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына бүгінде 8,8 миллионнан астам билет сатылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"8,8 миллионнан астам билет сатылды, бұл Олимпиада ойындары үшін керемет көрсеткіш. Сондай-ақ бұл Франциядағы спорттық іс-шаралар тарихындағы ең жоғары көрсеткіш", - деді Кит Макконнелл.

Билет сатылымы бойынша тіркелген бұл көрсеткіш Олимпиада ойындары тарихындағы рекорд болып саналады. Бұған дейін 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада ең көп билет сатылған болатын. Ол уақытта жалпы есебі 8,3 миллионнан астам билет сатылған.

ХОК спорт директорының мәліметіне сүйенетін болсақ, Олимпиада ойындары кезінде 30 мыңға жуық маман қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Байрақты бәсеке 26 ​​шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2137830-tarihi-rekord-parizh-olimpiadasyna-8-8-millionnan-astam-bilet-satyldy/