Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлулық салоны бар: Олимпиада қалашығында қазақ спортшыларына қандай жағдай жасалған

Жарияланған күні:

Олимпиада қалашығы
Олимпиада қалашығы. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Қазақстанның олимпиадалық делегациясы Париждегі Олимпиада қалашығына жайғасып жатыр. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің спорт департаментінің басшысы Бектұр Қиятбай спортшыларға Парижде қандай жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҰОК-ның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Олимпиадалық қалашық қажет инфрақұрылыммен түгел жабдықталған. Мұнда үлкен асханадан бастап, сұлулық салонына дейін бар.

"Токио Олимпиадасымен салыстырғанда, Париждегі олимпиадалық ауыл ашық, қозғалысқа шектеу жоқ. Спортшылар үшін үлкен асхана, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, құлшылық жасайтын орындар, сондай-ақ атлеттердің бір-бірімен кездесіп, бос уақыт өткізіп, жарыс көретін аймағы да бар. Оларға арнап түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Олимпиадалық ауыл аумағында сұлулық салоны, монша, шаштараз бар, медитация мен релаксацияға да орындар бөлінген", - деді Бектұр Қиятбай.

Спортшыларға арналған жаттығу залы
Спортшыларға арналған жаттығу залы. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Бектұр Қиятбайдың айтуынша, cпортшылардың мәзірге алаңдауына еш негіз жоқ. Өйткені мұнда тағам түрлері өте көп. 

"ХОК мәзірді жергілікті диетолог аспаздармен бірлесе отырып дайындады. Тамақтану кезіндегі әрбір ерекшеліктер назарға алынды. Спортшылар көбірек жайғасқан сайын, секторлар да ашыла түседі. Азиялық, еуропалық, италиялық және халал секторлар ашық. Салмақ кезінде мәселе болмауы үшін мәзірде калорияға дейін жазылған. Бәрі ескерілген", - деп түсіндірді Қиятбай. 

Олимпиада қалашығындағы асхана
Олимпиада қалашығындағы асхана. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Қазақстандық спортшылар бас олимпиадалық ауылда және Шаторуда орналасқан кешенде тұрады. 

"Біз спортшылардың бірнеше легін орналастырдық. Логистикаға келгер болса, алғашында сұрақтардың көп болуы түсінікті жайт. Әрбір қаласының транспорт қозғалысында өз ерекшеліктері бар: кептелістер, жолайрықтар және т.б. Парижде бөлінген жолақтар бар, бірақ, бұрылу және ауысу кезінде қиындықтар туындайды. 

Спортшылар үшін ешқандай проблема жоқ. Болған жағдайда да, елеусіз жайттар ғана. Барлығы ХОК және ұйымдастыру комитетінің қатысуымен тез шешіледі", - дейді ҰОК спорт департаментінің басшысы. 

Олимпиада қалашығы
Олимпиада қалашығы. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Айта кетейік, Олимпиада қалашығында жалпы есебі 14 500 адам тұрды. Оның ішінде 9000 спортшы бар.

26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2138391-sululyq-salony-bar-olimpiada-qalashygynda-qazaq-sportshylaryna-qandai-zhagdai-zhasalgan/