Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ольга Рыпаковадай болсам дейді": 22 жастағы Елизавета алғашқы Олимпиадасында өнер көрсетеді

Жарияланған күні:

Жеңіл атлет Елизавета Матвеева
Жеңіл атлет Елизавета Матвеева. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Олимпиада ойындарында тұңғыш рет өнер көрсетеді. Парижде ол биіктікке секіру жарысынан бақ сынайды. Осы дүбірлі дода қарсаңында спортшының отбасы да тілеулес болып, оның топ жаратынына үмітпен қарап отыр, деп KAZ.NUR.KZ Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елизавета 10 жасынан бастап жеңіл атлетикамен айналысады. Міне сол уақыттан бері жеткен жетістіктерінің куәсі болған анасы оның әр жеңісін ыстық ықыласпен еске алады.

"Бір ай өткен соң ақ қызым қалалық, облыстық жарыстарда топ жарып жүрді. Ол алғашқы медальін Глубокое ауылында алды. Бала кезіндегі ең үлкен жеңісі 2016 жылы болған еді. Сол кезде Якутияда Азия балалары деген жарыс өткен. Ол кезде қызым 1,65 метрді бағындырды", - дейді Елизаветаның анасы. 

Жеңіл атлет бұған дейін Азия біріншілігінде топ жарған. Ал енді алдына қойған мақсаты – Олимпиада шыңы. Осы орайда жас спортшының туыстары Лизадан жүлде күтетінін айтады.

"Елизаветаның жеңіске жететініне сенім мол. Ол Ольга Рыпаковадай болсам деп армандайды. Сол секілді елге жеңіспен оралса екен дейміз. Қолдан келгенше қолдауымызды аямаймыз", - дейді туыстары. 

Айта кетейік, жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүрген Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын 25 спорт түрінен 80 спортшы қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2138424-olga-rypakovadai-bolsam-deidi-22-zhastagy-elizaveta-algashqy-olimpiadasynda-oner-korsetedi/