Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлеттер халықаралық жарыста бірнеше рекорд орнатты

Жарияланған күні:

Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова
Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова. Фото: https://www.iinstagram.com/wf_rk

Ауыр атлетикадан Өзбекстанда өткен 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Орталық Азия елдерінің ашық чемпионатында қазақстандық спортшылар бірнеше рекорд орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Байрақты бәсекеге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары қатысты. Жас қазақстандық ауыр атлеттер 8 алтын және 2 қола медаль еншіледі.

Қазақстандық спортшы Ксения Прозорова (55 кг) үш алтын медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 81 кг, серпе көтеруде 102 кг бағындырды. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 183 кг көтеріп, рекорд орнатты. Өткен жасөспірімдер Олимпиадасында қоссайыс бойынша алтын медаль иегері 177 кг көтерген еді.

Айғаным Жанболат та (71 кг) үш алтын медаль иеленді. Ол жұлқа көтеруде 92 кг, серпе көтеруде 114 кг салмақты еңсерді. Осылайша, қоссайыс қорытындысы бойынша 206 кг бағындырып, рекорд жасады.

Нұржан Жұмабай (73 кг) ұлттық құраманың қоржынына екі алтын жүлде салды. Спортшы жұлқа көтеруде 125 кг және серпе көтеруде 151 кг бағындырып, рекорд орнатты. Мақсат Төленді (49 кг) екі қола медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 65 кг, серпе көтеруде 81 кг бағындырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2138433-qazaqstandyq-auyr-atletter-halyqaralyq-zharysta-birneshe-rekord-ornatty/