Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада ойындары: ел қоржынына ең алғашқы жүлде салған спортшылар кім

Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан (оң жақта)
Қазақстандық балуан (оң жақта). Фото: olympic.kz

Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 3 күн қалды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бұл сегізінші Олимпиада болып саналады. Осыған байланысты Kazinform сайты әр Олимпиадада ел қоржынына ең алғашқы жүлдені салған спортшыларға шолу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атланта Олимпиадасы (1996)

Бұл байрақты бәсекеде балуан Юрий Мельниченко грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын. Ол бұл додада алтыннан алқа тақты.

Сидней Олимпиадасы (2000)

Сиднейде өткен төртжылдықтың басты бәсекесінде велошабандоз Александр Винокуров жүлдеге ілікті. Ол бұл Олимпиадада күміс жүлдені еншіледі.

Афина Олимпиадасы (2004)

Афина Олимпиадасындағы ең алғашқы жүлде ауыр атлет Сергей Филимоновқа бұйырды. Ол өз салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді.

Бейжің Олимпиадасы (2008)

Бейжіңде өткен байрақты бәсекеде балуан Нұрбақыт Теңізбаев алғашқы жүлдені ел қоржынына салды. Бұл Олимпиадада балуан күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Лондон Олимпиадасы (2012)

Лондон Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде велошабандоз Александр Винокуров топ жарып, ел қоржынын жүлдемен толықтырды. Ол бұл додада алтыннан алқа тақты.

Рио Олимпиадасы (2016)

Риода алғашқы жүлдені дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алды. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегер атанды.

Токио Олимпиадасы (2021)

Токиода өткен бәсекеде ел қоржынына алғашқы жүлдені дзюдошы Елдос Сметов сыйлады. Ол Токиода қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бұл байрақты бәсекеде ел қоржынына алғашқы жүлдені салуға 27 шілдеде дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 кг) мен Елдос Сметов (60 кг) бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139163-olimpiada-oiyndary-el-qorzhynyna-eng-algashqy-zhulde-salgan-sportshylar-kim/