Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелдерді жақсы көремін": қазақстандық файтер үшінші әйел алғысы келетінін айтты

Жарияланған күні:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Rukh Entertainment Youtube арнасына берген сұқбатында үшінші әйел алғысы келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Сіздің үш әйеліңіз бар ма?

Әзірге екеу, бірақ жақын арада үшеу болады деп ойлаймын (күледі)... Сізге түсінікті болуы үшін былай түсіндірейін. Арыстандар көп, бірақ әр арыстанның өз прайды (арыстандар тобы) бола бермейді. Менің өзімнің прайдым бар. Мен әйелдерді жақсы көремін. Егер сіз әйелдерді жақсы көрсеңіз, үйленіңіз. Біздің тарихымызда... аталарымның көп әйелі болды, бұл біздің мәдениетімізде кездесетін құбылыс, бұл проблема емес. Менің әлсіз тұсым – әйелдер, мен әйелдерді жақсы көремін, хош иісті жақсы көремін, міне менің әлсіздігім. Мен жылқыларды жақсы көремін. Қазір менің әйелдер туралы айтқан пікірімді дұрыс түсінбей қалады. Мен оңды-солды жүрмеймін.

Мен үйлендім. Мен әйелдерді жақсы көремін, сондықтан екінші әйел алдым. Қазір бір ағам мені үшінші әйел алуға итермелеп жүр. Мұндай мотивация бар. Мен мұны жасырғым келмейді, өйткені мен шындықты айтамын. Егер сіз әйелді жақсы көрсеңіз – үйленіңіз. Егер сіз бір әйелді жақсы көрсеңіз – адал болыңыз, бірақ оңды-солды жүрмеңіз. Ол біреудің әпкесі, біреудің қызы, анасы.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов 2020 жылдан 2023 жылға дейін UFC-де өнер көрсеткен. Әлемнің үздік лигасында ол бір жеңіске жетіп, алты жеңіліске ұшыраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139531-men-aielderdi-zhaqsy-koremin-zhalgas-zhumagulov-ushinshi-aiel-algysy-keletinin-aitty/