Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатына бір күн қалды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын 80 спортшының бірқатары өзге елде дүниеге келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан атынан 80 спортшы сынға түседі. Спорт сарапшысы Қанат Байұзақовтың мәліметіне сүйенетін болсақ, 15 спортшы өзге елде дүниеге келген. Кей спортшыларымыз өзге елде өмірге келгенімен, Қазақстанда өсті.
Дзюдо
- Абиба Әбужақынова — Өзбекстанда дүниеге келген. 2022 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
- Эсмигүл Куюлова — Өзбекстанда дүниеге келген. 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Бокс
- Сәкен Бибосынов — Өзбекстанда дүниеге келген. 2021 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Жеңіл атлетика
- Нора Джеруто — Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
- Дейзи Джепкемей — Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Байдаркада ескек есу
- Сергей Токарницкий — Украинада дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Каноэде ескек есу
- Тимур Хайдаров — Өзбекстанда дүниеге келген. Каноэде ескек есуден әлем кубогының жүлдегері.
Теннис
- Елена Рыбакина — Ресейде дүниеге келген. 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды.
- Юлия Путинцева — Ресейде дүниеге келген. 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
- Александр Бублик — Ресейде дүниеге келген. 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
- Александр Шевченко — Ресейде дүниеге келген. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
- Александр Недовесов — Украинада дүниеге келген. 2013 жылы Украинандан ауысып келді.
Еркін күрес
- Юсуп Батырмурзаев — Дағыстанда дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Триатлон
- Екатерина Шаблина — Ресейде дүниеге келген. 2021 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада ойындарына әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы бақ сынайды. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139612-olimpiada-2024-qazaqstan-atynan-synga-tusetin-sportshylardyng-nesheui-ozge-elde-duniege-kelgen/