Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы сапындағы ең егде жастағы спортшы кім

Жарияланған күні:

Эльмир Әлімжанов
Эльмир Әлімжанов. Фото: olympic.kz

Бүгін, 26 шілдеде Франция Астанасы Парижде XXXIIІ жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Париж бәсекесінде қазақстандық 80 спортшы бақ сынауы керек еді. Бірақ теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспайтын болғандықтан, ел намысын 79 спортшы қорғайтын болды.

Қазақстан құрамасындағы ең егде спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов. Ол Париж Олимпиадасында семсерлесуден командалық сайыста және жекелей сында өнер көрсетеді. Эльмирден бөлек, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай семсерлесуден Қазақстан намысын қорғайды.

Эльмир Әлімжанов – 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы, әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында еліміздің атынан сынға түсетін ең жас спортшы Батырхан Төлеуғали туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140071-parizh-olimpiadasy-qazaqstan-quramasy-sapyndagy-eng-egde-zhastagy-sportshy-kim/