Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сылтау табылады": Елена Рыбакинаның Олимпиадаға қатыспайтыны жайлы жанкүйерлер не дейді

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

Кеше, 25 шілдеде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Осыған орай әлеуметтік желіде жанкүйерлер аталмыш жағдайға қатысты түрлі пікірлер жазып жатыр, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші ертең, 27 шілдеде Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізу керек болған. Ол жарыстан шығып қалуын жедел бронхит ауруының салдарынан деп түсіндірді және денсаулығының қалпына келуі ұзаққа созылатынын айтты. Елена Рыбакина жарақатынан әлі жазылып үлгермегенін айтып, Олимпиадаға қатыспайтыны үшін қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұраған болатын.

Осы жайтқа байланысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер жазды. Бір тарап теннисшінің Олимпиададан шет қалуын сынап, оның мұндай үлкен дода қарсаңында жасаған мәлімдемесіне салқын қарап жатыр.

"Мемлекетке атынан сынға түсетін жарыстарға қатысқысы жоқ сияқты, жеке өзіне қатысты, ұтысы көп жарыстарды ғана қалайтын сияқты", "Бронхит емес, Қазақстан туына аллергия шығар", "Бұл әділетсіздік. Сылтау әрқашан табылады. Спорт ол – саясат", "Бізде дәрігерлер жоқ па? Витамин? Қандай бронхит?".

Жанкүйерлер арасында спортшының тез жазылып кетуін тілеп, жақсы пікір қалдырып жатқандар да бар.

"Бірінші орында денсаулық тұруы қажет. Жазылып кетіңіз", "Ертерек емделіп кетіңіз. Ал медальды сізден әлі талай күтеміз".

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанаты бүгін, 26 шілдеде өтеді. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін өз жалғасын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140167-syltau-tabylady-elena-rybakinanyng-olimpiadaga-qatyspaityny-zhaily-zhankuierler-ne-deidi/