Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына санаулы сағаттар қалғанда франциялық SNCF теміржол компаниясы Х желісіндегі ресми парақшасында оның нысандарының бұзылғанын, вандализмге ұшырағанын, тіпті өртенгенін де мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Компания бұл шабуылдардың мақсаты – елдегі жылдамдық байланысын бұғатту екенін айтады. Теміржол рельстері Париждің батысы, шығысы және солтүстігінде зақымдалған. Францияның батысына қатынайтын Монпарнас станциясында бүгін, 26 шілдеде таңертең үлкен кезек орын алды.
Пойыздардың едәуір саны тоқтатылды. SNCF өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жағдайдың салдары 800 мың жолаушыға әсер етті.
Бүгін Франция вокзалдарындағы адамдар шоғырының ең көп қалыптасатын күні деп саналған. Себебі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына көруге мыңдаған халық дайындалған. Сондай-ақ компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар кем дегенде дүйсенбіге дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140255-parizh-olimpiadasynyng-ashylu-saltanaty-qarsangynda-frantsiiadagy-temirzhol-vokzaldary-isten-shyqty/