Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды

Жарияланған күні:

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Фото: Kevin C. Cox/Getty Images

Франция астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тарихта алғаш рет жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты стадионда емес, су үстінде өтіп жатыр. Ұлттық құрамалар қайыққа мініп Париждегі Сена өзенін бойлай қайықпен шеру жасауда. Алғаш болып Грекия Олимпиада құрамасы шықты.

Грекия құрамасы
Грекия құрамасы. Фото: Jared C. Tilton/Getty Images

Салтанатты шарада 100-ге жуық қайық қолданылатыны хабарланған еді. 10 500 спортшы шығыстан батысқа 6000 шақырымды қайықпен жүзіп өтеді. Шеру Трокадеро алаңының маңында аяқталады. Мұнда ашылу салтанатының маңызды бөлігі – Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. 

Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды деп жоспарланған еді. Алайда теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспайтын болды. Осылайша, Парижде 79 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140413-parizh-olimpiadasynyng-ashylu-saltanaty-bastaldy/