Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада-2024: полицейлер ашылу салтанатын қатаң күзетіп жатыр

Жарияланған күні:

Париж полицейі
Париж полицейі. Фото: voanews.com

Бүгін Парижде олимпиаданың ашылу салтанаты өтіп жатыр. Осыған орай Францияда Париж полицейлері қатаң режимде қызмет атқаруда, деп хабарлайды KAZINFORM .

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатқан Эйфель мұнарасы мен Сена өзенінің жағалауына апаратын барлық жолға тосқауылдар қойылған. Қауіпсіздік шаралары да барынша күшейтілген. 

Дәл қазір полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалап жүр. Ал Сена өзенінің жағалауындағы спортшылар шеруі өтетін аумақтарға өту шектелген. Тек арнайы қызмет өкілдері ғана кіріп-шыға алады.

Жалпы, 45 мың полицей, 10 мың сарбаз және 2 мың жеке күзет қызметкері Сена өзенінде, оның жағалауы мен айналасындағы ескерткіштер бойымен өтетін шерудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. 

Айта кетейік, Жазғы Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет ашылу салтанаты стадионда емес, Сена өзенінің бойында өтіп жатыр.

Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түседі. Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Онда 205 елдің 10 500 спортшысы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140431-parizh-olimpiadasy-politseiler-ashylu-saltanatyn-qatang-kuzetip-zhatyr/